Бүгін Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.
Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ.
kyzylorda-news.kz