«Ақмая» шаруа қожалығынан Аралдың бірнеше ауылына тегін шөп жөнелтілді

«Бұл керуен Аралдық ағайынға тегін үлестірілмек. «Көп түкірсе көл» деген. Аралдағы ағайынға аздаған болса да көмегіміз тисе, біз үшін сол нағыз бақыт» дейді«Ақмая» шаруақожалығының төрағасы Дәулет Жұмбеков.
Ал аудан әкімінің орынбасары Е. Апетовтың айтуынша алдағы уақытта да шөп тиелген керуендер қуаңшылықтан зардап шеккен аудан жұртына жөнелтіле бермек. Бастысы елдің басына түскен қиындықты бірге еңсерсек болғаны.