Қызылорда екпе алудан алдыңғы қатарда

Жалпы, республика бойынша екпе алудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда келеді. Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 223 487-ге жетіп, халықтың қамтылуы 55,8 пайызды құрады. Ал 2 компонентін алғандар 157 014 адам. Бұл халықтың 39,2 пайызына тең.
Сонымен қатар, осы уақытқа дейін екпе алғандар арасында 130 науқас қана короновирус ауруымен ауырған. Толық 2 компонентін алғандардың ішінде 22 жағдай ғана тіркелді. Дегенмен, адам денесінде толық иммунитет қалыптасуы үшін 14-45 күн өтуі қажет. Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылған.
syrboyi.kz