Жаңа оқу жылында кімдер қашықтан оқиды? Министр жауабы
![](/uploads/posts/2021-08/medium/1628748386_bala.jpeg)
«Егер бала өзі немесе ата-анасы вирус жұқтырғаны анықталса, ол ғимаратқа кіргізілмейді. Әрине, оның оқуын жалғастыруды ұйымдастыру керек.
Біз үшін басқа балаларды қауіптен қорғау маңызды. Егер студент немесе оның ата-анасы ауырып қалса немесе вирус жұқтырған адаммен байланыста болса, біз студент немесе оқушы вирус жұқтырмағанына кепілдік бере алмаймыз. Клиникалық көріністер болмаса да. Бұл жағдайда шешім өте дұрыс деп ойлаймын», – деді министр журналистің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұл ретте ол шектеу уақытша болатынын түсіндірді. Ashyq қосымшасындағы мәртебе өзгергеннен кейін мұндай студенттер мектепке немесе университетке оралады.