Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құс тұмауының адамға әсері бар ма?

Құс тұмауының адамға әсері бар ма?

Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Вирус адамнан адамға берілмейді. Вирус жұқтырған құстан адамға жұғу жағдайы өте сирек кездеседі, оның өзінде адам егер вирус жұқтырған тірі немесе өлі құспен тікелей немесе жанама байланыста болса ғана. Құс өнімі, ет немесе жұмыртқадан вирустың берілу фактілері іс жүзінде тіркелген жоқ. Бүгінгі күні адамдар арасында құс тұмауын жұқтырған жағдай жоқ деп айтуға болады, - деді ол.
Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері құстармен байланыста болған адамдар тобын анықтады. Олар құс фабрикаларында тікелей жұмыс істеген 400-ге жуық адам. Қызметкерлерге қатысты тиісті медициналық бақылау ұйымдастырылған.
Барлық қызметкердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қазақстан аумағында құс тұмауын тіркеу кезеңінде құс еті мен өніміне, соның ішінде сауда нысандарындағы бақылау күшейтілді. Күн сайын құжаттық бақылау, ветеринариялық анықтамалар, сертификаттар және сәйкестік туралы декларацияларды тексеру жүргізіледі. Бұдан басқа, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімдерді іріктеу жүргізілуде, - деді Сұлтанғазиев.
https://baq.kz/​​​
21 қыркүйек 2020 ж. 484 0