Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Той жасауға қашан рұқсат беріледі?

Той жасауға қашан рұқсат беріледі?

 Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен брифингте журналистер Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтен мейрамханалардың қашаннан бастап ашылып, той-томалақ жасауға болатыны жайлы сұрады, – деп жазады azattyq-ruhy.kz
«Бұл – қазіргі таңдағы өткір мәселелердің бірі. Жақын аралықта ресторандар мен кафелерді ашу туралы шешім қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», – деді Т.Сұлтанғазиев.
Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады. Алайда, комитет басшысы Тимур Сұлтанғазиев карантин режимін созу туралы болжам барын айтты.
«Қазір коронавирустың таралу көрсеткіші төмендеп келеді. Сәуірде 15-16 пайыз болса, соңғы екі аптада 7 пайызды құрады. Екі-үш күннен бері 4 пайыздан асқан жоқ. Карантинді созу мәселесі Мемлекеттік комиссия мен бас санитар дәрігердің бақылауында. Бірақ карантинді созуға алғышарттар бар. Карантинді аяқтау үшін нақты талаптар орындалуы керек. Оған біз министрлік айтқан барлық шараларды орындау арқылы қол жеткіземіз», – деп түсіндірді комитет төрағасы.
09 мамыр 2020 ж. 917 0