Карантин қаламызға емес санамызға керек сияқты

– «15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы», – деген еді мемлекет басшысы.
Әрине бұл дәл қазіргі уақытта дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймыз. Карантин екі бастан аймақтардағы ахуалға байланысты арнайы қаулы негізінде ұзартыла береді. Мұның бәріне біз түсіністікпен қарап отырмыз. Алайда кейбір жандардың карантин мен төтенше жағдай талаптарына мойынсұнғысы келмей жатқанын байқаймыз. Мәселен қазірдің өзінде ереже сақтамаған жеке тұлғаларға салынып жатқан көптеген айыппұлдарды естіп жатырмыз. Осы орайда карантин қалаға емес санамызға керек сияқты.
Зейнеткер, қала тұрғыны.