Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған 171 адам жазаланды

Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған 171 адам жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында төтенше жағдай талаптарын сақтамаған 171 адам анықталды.
Төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында 499 мекеме мен ойын-сауық орындары тексерілді.
Тексеру кезінде төтенше жағдай талаптарын бұзған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен 171 дерек анықталған.
Оның ішінде, қала төңірегінде – 123, Арал – 5, Қазалы – 10, Қармақшы – 4, Жалағаш – 2, Сырдария – 3, Шиелі – 5, Жаңақорған – 6 және Байқоңыр қаласындағы өкілдікпен 13 дерек анықталған.
Сондай-ақ, облыстағы 49 кафе, 17 жеке үй, 34 дүкен, 18 көлік жөндеу орыны, 8 компьютер клубы, 5 көлік жуу орыны, 5 қонақ үй және 26 басқа да қызметтер белгіленген уақыт пен шектеулерді сақтамай өз жұмыстарын жалғастырған.
Облыс аумағында қойылған блок-бекеттердің заңсыз айналып өтудің 9 дерегі тіркелген.
«Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 98 әкімшілік іс қаралып, 46 адамға айыппұл салынса, 52 адам әкімшілік қамауға алынды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізіліп, көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
07 сәуір 2020 ж. 649 0