Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажет

Төтенше жағдай кезінде енгізілген талапқа сәйкес қойылған шектеу уақытынан кейін барлық қоғамдық орындар жұмысын тоқтатқан. Сондай-ақ, азық-түлік сатылатын орындарда санитарлық тазалықтың қатаң сақталуы, нан өнімдерінің арнайы қаптамалармен сатылуы, қызметкерлердің міндетті түрде медициналық маска мен қолғап киіп жұмыс жасауы, келушілерге арналған бірнеше антисептикалық құрылғылардың болуы, залалсыздандыру жұмыстарының күніне бірнеше мәрте жүргізілу қажеттілігі айтылды.
Жұмысшы топ мүшелері кәсіп иелеріне алдағы тексеру жұмыстары кезінде айтылған ескертулер толық орындалмаған жағдайда төтенше жағдай нұсқаулығына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатындығы ескертті.