Баға тұрақтылығы бақылауда

Мұнан соң аудан әкімі «Жақсат и К» автобекеті кешені мен «Құдайберді» сауда орталығында аялдап, нысандағы санитарлық- дезинфекциялық тазалау жұмыстарын көрді.
Сонымен қатар, «ARZAN-FARM» дәріханасында барған аудан әкімі дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол берілмеуі қажет екендігін дәріхана иелеріне ескертті.
Бірнеше сауда нысандарын аралаған аудан басшысы базар басшылығы мен тиісті сала жетекшілеріне азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және тазалықтың сақталуын, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыру жөнінде тапсырмалар жүктеді.