Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА САУДА ҮЙІ АШЫЛДЫ

ЖАҢА САУДА ҮЙІ АШЫЛДЫ

   Бүгін аудан орталығында «Саида» сауда үйінің ашылу салтанаты өткізілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев:

   «Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді. Облыс көлемінде жарияланған Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 3 жылдығы аясында аудан орталығымен қатар, кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандары да көбеюде. Бүгінгі ашылып отырған жаңа сауда үйінің тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектеспін!» ізгі тілегін жеткізді.

   Жеке кәсіпкер Қыздарбекова Нұргүлдің бастамасымен салынған заманауи үлгідегі «Саида» сауда үйінде тұрмысқа қажетті заттар тұтынушыларға ұсынылады. Кәсіп иесі осы бастамасы арқылы 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

   Бұған дейін ашылған «Саида» маркеттер желісінің азық-түлік сататын бөлімшесі тұрғындарға сапалы қызметін көрсетіп келеді. Сауда орындары заманауи техникалармен, касса аппараттарымен және тексеру құрылғыларымен толықтай жабдықталған.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
10 тамыз 2019 ж. 1 741 0