АМАНӨТКЕЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы Құдайберген Саржанов сөз алып, жаңа нысанның ашылуымен тұрғындарды құттықтады.
Аманөткел елді мекенінде мектеп жанындағы 50 орындық «Әсем-ай» шағын орталығы жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда Аманөткел ауылдық округінде 3-6 жас аралығында 177 бала тіркелсе, 46 бала мектеп алды даярлық сыныбында, 50 бала мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде.
Енді жеке кәсіпкер Ақниет Жалғасбаевтың 75 орындық «Зере» балабақшасы жұмысын бастады.