Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақиректе жаңа медициналық бекет ашылды

Ақиректе жаңа медициналық бекет ашылды

Арал ауданының Ақирек ауылдық округінде жаңа медициналық бекет ашылды, деп хабаралайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер мен оң өзгерістерге тоқталып, жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын құтты орынға айналуына тілектестігін білдірді.Сондай-ақ, ауыл ақсақалы Жүсіпбаев Төребай елді мекенде жылдан жылға әлеуметтік нысандардің бой көтеруімен қатар, халықтың да әл-ауқатының жақсарғандығын айтып, ризашылығын білдірді.
Аталмыш медициналық бекетте 2 аяжан және 2 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Бұған дейін ескі ғимаратта тұрғындар үшін қызмет жасаған болатын.
Ауданда бұдан бөлек мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында Сазды, Тастақ елді мекендерінде медициналық бекет, Жаңақұрылыс елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункт және Бекбауыл елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бой көтеруде.


14 желтоқсан 2018 ж. 1 069 0