Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН БАСШЫСЫ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАЛАІШІЛІК ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Арал қаласындағы бірқатар көшелерге жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Аудан басшысы алдымен аудан орталығындағы Жетес би (400 метр) және Қызылорда (300 метр) көшелерінде жүргізілген ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын көрді.
Мұнан соң, қаладағы темір жол өткелінің арғы бетінде орналасқан Жылқаман батыр (300метр) көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын бақылап өтті. Осы орайда, жолдардың жай-күйімен танысып шыққан аудан басшысы жауапты сала мамандарына мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаржыны тиісінше игеріп, ел игілігіне бағытталған жұмыстардың сапасына қатаң мән беру керектігін атап айтты. Бүгінде аталған көшелердің жөндеу жұмыстары «Арал құрылысы» ЖШС арқылы жүргізілуде.

Одан әрі аудан орталығынан бой көтерген «Sulpak» сауда үйінің ғимаратына ат басын бұрған аудан әкімі аталған сауда үйін аудан орталығынан ашуды жоспарлап отырған жеке кәсіпкер Жұбаныш Аманжоловқа игі бастамасы үшін ризашылығын жеткізіп, сәттілік тіледі. Айта кету керек, Ж.Аманжоловтың айтуынша аталған сауда үйі алдағы қазан айының орта шенінде пайдалануға берілетін болады. Нысан ашылған соң 30 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
13 қыркүйек 2019 ж. 1 090 0