Арал ауданында төтенше жағдай режимін бұзған тұрғын жазаланды

ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарын орындамау, сондай-ақ, жергілікті заң комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін, жиналыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар, сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық, басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу бөліктерінде талаптарды орындамағаны үшін жауаптылық көзделген.
Сот отырысында ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылған азаматшаға 26 510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген сәттен бастап, айыппұлды еркімен өз төлеуі үшін 30 тәулік мерзім берілді.
https://kyzylorda-news.kz/