Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демеушілер Қамшыбек Қоңқабаевқа темір тұлпар сыйлады

Демеушілер Қамшыбек Қоңқабаевқа темір тұлпар сыйлады

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшыларды қабылдады. Олардың қатарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, каратаэ-до шебері Мөлдір Жаңбырбай және еркін күрестен Дәулет Ниязбеков бар.

Биыл Сыр спортшылары толайым табыстарға қол жеткізуде. Жыл басынан жерлестеріміз ел біріншіліктерінде 700 медаль жеңіп алса, Әлем, Азия чемпионаттарында 46 медальға қол жеткізді.
Кездесуде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ел намысын абыроймен қорғап шыққан Қамшыбек Қоңқабаевқа автокөлік кілтін, Олимпиада ойындарының қатысушылары Дәулет Ниязбеков пен Мөлдір Жаңбырбайға және Қамшыбек Қоңқабаевтың бапкері Сейітжан Төкеновке 1 млн. теңгенің сертификатын табыстады. Елдің рухы мен мәртебесін көтерген спортшыларға «Dalatex» ЖШС-нің басшысы Ділмұхамед Абизов, «Нұрлен» ЖШС-нің басшысы Қайрат Боранбаев, «Мелиоратор» ЖШС-нің басшысы Бердібек Мыханов және «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-нің басшысы Әділ Бижанов есімді Сыр бойылық меценат азаматтар демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Жүздесу барысында облыс әкімі қола жүлдегер Қамшыбек Қоңқабаевқа демеушілір атынан Toyota Camry 75 көлігін сыйға тартты. Оның жеке бапкері Сейітжан Төкеновке 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ, Мөлдір Жаңбырбай мен Дәулет Ниязбековке сондай көлемде ақшалай сыйлық берілді.

12 тамыз 2021 ж. 675 0