Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «ECO Village» кешені мемлекет қолдауымен іске қосылды

Қызылордада «ECO Village» кешені мемлекет қолдауымен іске қосылды

Биыл Қызылорда қаласында көпшіліктің демалып, ойын-сауық ұйымдастыруына арналған, сондай-ақ арнайы жабдықталған монша кешені іске қосылды.
Кешеннің құрылысын мемлекеттің қолдауымен кәсіпкер Жанқазақова Дария жүзеге асырды.
Атап айтқанда, кәсіпкер монша құрылысының басталуына қаржылай көмек алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда өңірлік филиалына жүгінген. Ондағы мамандар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алуына қолдау көрсетіп, ағымдағы жылдан бастап кәсіпкерге инвестиция үшін қаржы берілді. Жобаны «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдап, несиенің мөлшерлемесін 6%-ға дейін түсіріп субсидиялады.
«Бұл кешен орыс моншасы стилінде қарағайдан қиылып салынған. Мұнда тек қана монша емес ашық бассейндер де бар. Сондай-ақ, кешенде Еуропа мәзірі бойынша дайындалатын түрлі тағамдар мен салқын сусындар да ұсынылады», – деді Дария Қаттабайқызы.
Аталған кешенде 30 адам қызмет атқарады. Әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты барлық сақтық шаралары қамтылған. Осыған байланысты «ECO Village» монша кешенінің қызметкерлері кез келген тұтынушының көңілінен шығатындай қызмет түрін көрсетуге дайын.
Жалпы, шағын және орта бизнесті дамыту – өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан да еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында жеке кәсіппен шұғылданып әрі қарай дамытамын деушілерге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.


kyzylorda-news.kz
14 тамыз 2021 ж. 319 0