Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ashyq" қосымшасының тиімділігі

"Ashyq" қосымшасының тиімділігі

Бүгінде "Ashyq" қосымшасы арқылы ауданымыздағы ХҚКО, кәсіпкерлік, мәдениет және спорт нысандары жұмыс істеп жатыр. «Ashyq» қосымшасы карантиндік шаралар кезеңінде бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық орындарға шығу үшін азамат «Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-кодты сканерлейді және кіреберісте қосымшада көрсетілген тәуекел рейтингін ұсынады. «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялануға және келушінің мәртебесін: «ол осы сәтте вирус тасымалдаушы ма, жоқ па...» анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, бөлімде Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы №27) қаулысына сәйкес, клиенттерді Ashyq сервисі арқылы қабылдап жатырмыз.Егер азаматтардың смартфонында Ashyq қосымшасы болмаса, олар таяуда ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Тіпті аталған қосымшалар болмаған жағдайда, азаматтардың мәртебесін ХҚҚО қызметкері ұсынған ЖСН бойынша анықтай алатын болады. Республика бойынша әрбір фронт-офисінің кіреберісінде сканерлеу үшін арнайы дербес QR код ілінген. Мәртебені нақтылау барысында «Сары» не «Қызыл» статусы бар азаматтар анықталған жағдайда, олар ғимаратқа кіргізілмейді.
Бүгінгі күні COVID-19-дың кез келген түрімен (симптомдық не симптомдық емес) ауырған әрбір адам үй жағдайында карантин режимін сақтауға міндеттеме алады және оны қолхатта өзі қол қою арқылы растайды. Алайда, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу фактілері көптеп кездеседі. Ауырған немесе жақын байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.
Қосымша осындай келушілерді анықтауға мүмкіндік береді және басқа қонақтар мен персоналға вирус жұқтыруға жол бермейді.
Еркін АШЫҚБАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бо­ йынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімі басшысының орынбасары
17 тамыз 2021 ж. 284 0