«ASHYQ» жобасының тиімділігі

«Ashyq» жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге кедергісіз жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
Бүгінгі күні, Қызылорда облысында «Ashyq» жобасына 207 кәсіпкерлік нысаны тіркеліп жұмыс жасауда.
- компьютерлік клуб – 18;
- бассейн – 2;
- боулинг орталық – 1;
- кинотеатр – 2;
- фитнес залы – 3;
- спа-орталық – 2;
- сауна – 4;
- спорт кешені – 1;
- бильярд орталығы – 2;
- мәдениет нысандары– 2;
- әуежай – 1;
- темір жол вокзалы – 1;
- қонақ үйлер – 3;
- лото клуб – 8;
- балалар ойын-сауық орталығы – 2;
- қоғамдық тамақтану орны -99;
- ерікті қатысушы – 56;
Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы
8 маусымдағы отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес келушілерді QR-код бойынша көп тіркейтін 9 қатысушыға «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілді.
Сәйкесінше, «жасыл аймақ» кезеңінде жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға арттырылады.
Бұдан бөлек, 9 күннен астам келушілерді QR-код бойынша тіркеудің нөлдік көрсеткішіне ие 3 кәсіпкерлік объектілері 2 апта мерзімге жобадан алынып тасталды.
Облысымыздың кәсіпкерлік субъектілерін «Ashyq» жобасына қатысуға және жобамен жұмыс жасау кезінде белсенді болуға шақырамыз.
«Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда келесі мамандар кеңес беруге дайын:
- Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Шырынбеков Нұрлан Полатханұлы. Байланыс телефоны: 8/7242/40-10-57, 8 747 981 99 42.
- Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беруге дайын. Палатаның сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева. Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), +7 771 479 7582.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі