Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда

12 мамырдағы ақпарат бойынша 66 кәсіпкерлік нысан QR код алып, жоба аясында жұмыс жасауда. Олардың 43-і қоғамдық тамақтану қызметі, 11-і компьютерлік клуб, 2-еуі бильярд, 2-еуі фитнес орталығы, 2-еуі бассейн, 2-еуі спа-орталығы, 2 кинотеатр, 1 боулинг орталығы, 1 сауна. Жобаға қатысушылардың 61-і Қызылорда қаласының кәсіпкерлері. Ал 3-еуі Шиелі ауданының, 1-еуі Қазалының, 1-еуі Арал ауданының кәсіпкерлері, – деді Пірмұхаммед Сыздықов.
Баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері Қызылорда қаласында кәсіпкерлік нысанға кірмек болған «қызыл» және «сары» статустағы 6 адам анықталғандығын жеткізді. Олардың 1-еуі нақты науқас, вирус анықталған «қызыл» статустағы азамат болса, 5-еуі ауырған азаматтармен қарым-қатынаста болған «сары» статустағы адамдар.
baq.kz