Аралдық кәсіпкерлер проблемаларына назар аударуды сұрайды

Аралдық кәсіпкерлер қызметкерлерге төленетін жалақыға қосымша экологиялық коэффициентті мемлекет көтерсе деген ұсыныстарын жеткізіп отыр. «Бұл қалтамызға салмақ салуда», – дейді олар.Мұнан өзге, кәсіпкерлер құжаттарды жинақтап ұсынғанымен уақытылы төленбей отырған субсидияға қатысты көмек көрсетуді, қасқырдың малға шабу оқиғаларының көбеюіне орай шопандарға қару ұстауға рұқсат беруді, мал базарына сенбі-жексенбі мал әкелетін кәсіпкерлер үшін ветеринар мамандарының уақытпен санаспай жұмыс жасауын сұрады. Себебі ветеринар мамандардың тиісті құжатты сенбі, жексенбі күндері база жұмыс жасамауына байланысты бере алмайды екен. Сонымен қатар балық шаруашылығымен айналысатын жұмысшылардың тапшылығын, соған сәйкес маман даярлауға арналған оқу орталықтарын ашуды, балық қорының азаюының алдын алу үшін инкубациялық цех салу мәселесін қарастыруды сұрады.
Бұл мәселелердің барлығы ауқымды, әрі тиісті органдармен бірлесе шешуді қажет ететіндіктен арнайы жоспарға енгізілді. Алдағы уақытта қажетті шаралар қабылданатын болады.

«Еңбек» бағдарламасымен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 59 адам құны 207 млн теңге несие қаражатын алған.
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы арқылы құны 12,3 млн теңге 3 жоба қаржыландырылды.
«Микробизнес Қызылорда» жобасы бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы құны 169,5 млн теңгені құрайтын 38 жоба Бақылау кеңесінде мақұлданып, қаржыландырылуда. Сонымен бірге, жыл аяғында 35 млн теңгені құрайтын 10 жобаның құжаттары рәсімделуде.
Стартап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында 50 қатысушыға 252 500 теңгеден, 150 қатысушыға 505 000 барлығы 88,4 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік конкурста 7 қатысушы 2,9 млн теңге грант қаражатына ие болды.
«Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 585 адам оқу курсынан өтті. «Бизнес-Кеңесші» жобасыбойынша 75 адам оқу курсынан өтті.