Кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізіледі
Үстіміздегі жылдың 26 наурызы сағат 9.00-де кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұрқожаев Болат Жолтайұлы және Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық сала бойынша директорының орынбасары Құлмахан Салауат Аязбайұлы Арал ауданында болып, кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдайды. Қабылдау барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарға тұшымды жауап алып, ал өтініштерге алдағы уақытта заңдылығына сәйкес зерттеліп жауаптары берілетін болады. Кәсіпкерлерді жеке қабылдау аудандық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында өткізіледі.
Мекенжайымыз: Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі №46
(«Наурыз құрылыс» ғимараты 2 қабат), тел: 7-91-99.
Мекенжайымыз: Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі №46
(«Наурыз құрылыс» ғимараты 2 қабат), тел: 7-91-99.