Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйенің проблемаларын шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Оны толық реформалау керек.
"Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр", - деді Мырзахметов.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының пікірінше, осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс. Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.