Қызылорда: Бүгіннен бастап теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылады

Ashyq жобасы Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу теміржол вокзалдарында енгізіледі.
Жолаушы вокзалға кірер алдында QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалары арқылы сканерлеу қажет. Қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда, есіктегі қызметкерге ЖСН-ді көрсетуге болады.
«Жасыл» немесе «көк» статус шықса, ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі. «Қызыл» немесе «сары» шыққандар, вокзалға жіберілмейді.
Шетелдіктердің статусы төлқұжат нөмірі бойынша тексеріледі.
18 жасқа дейінгі балалар тексерістен өтпейді.