Қазақстанда карантин күшейтілді – бүгіннен бастап жаңа қаулы күшіне енді

Тиісті қаулыға көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина қол қойды.
Оған сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарында жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларды кіргізуге шектеу енгізіледі.
15 сәуірдегі жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.