Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа шықты

Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа шықты

Денсаулық сақтау министрлігі 5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. Кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан бүгін «сары» аймаққа өтті. «Сары» аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Матрица жалпы Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті. Еске сала кетсек кеше ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.
inform.kz
05 ақпан 2021 ж. 481 0