Еліміздің алты өңірі «қызыл» аймақта
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.Қазақстан өңірлерінде 3 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасындағы деректерге сүйенсек, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тұр.
Ал «сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары бар.
Қалған өңірдің барлығы «жасыл» аймақта.