Коронавирус: Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер бесеу болды

2021 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.