Еліміздің тағы бір облысы «қызыл» аймаққа кірді

Мәліметке сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік, бүгін бұл қатарға Атырау облысы қосылды.