«Қызыл» аймақтағы өңірлер белгілі болды
Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазақстан өңірлерінде 24 наурыздағы эпидахуалды бағалау матрицасының деректеріне сүйенсек, «қызыл» аймақта БҚО, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.
Сонымен қатар «сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстары тұр.
Еліміздің қалған өңірлері «жасыл» аймақта.
baq.kz