Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сәрсенбі күні, 18 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал;
Жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері;
Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралады.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.