Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық министрі халыққа үндеу жолдады

Денсаулық министрі халыққа үндеу жолдады

1 тамыздан бастап коронавирустық инфекцияның таралу индексі 14 процентке төмендеді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
Министрдің айтуынша, бір апта ішінде науқастар саны 2 процентке азайды. Соңғы үш апта бойы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқаны байқалады. Ал 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекцияның таралу индексі 14 процентке төмендеді. Дегенмен жансақтау бөліміне түсетін науқастар саны көбейген. Оның негізгі себебі – дельта-штамм. Оған қоса, вирус жұқтырған адамдар өздігімен емделуге тырысады да, ауруханаға кеш барады.  
"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға аурудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын күшейту керек. Халыққа айтарым, коронавирустың алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну керек. Өзін-өзі емдеумен айналыспауды сұраймын. Қарапайым ережелерді сақтасақ, жүздеген адамның өмірін сақтап қаламыз", - деді Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде Ақтөбе, Қызылорда мен Алматы облыстарында инфекциялық ауруханаларда жатқан науқастар саны көп болып тұр. Төсек-орынның 66-69 проценті бос емес. 
Денсаулық министрі Ashyq қосымшасы арқылы мыңдаған тәртіп бұзушылықтың анықталғанын да жеткізді. 30 мың адамда ПТР-тестің оң нәтижесі бар болып шықты. Соған қарамастан, барлығы халық көп жиналатын жерлерге барған. 
"Айналадағы адамдарға қауіп төндіретін азаматтардан азаматтық жауапкершілік танытуды және коронавирустың таралуына өз "үлесін қоспауды" сұраймын", - деп атап көрсетті Цой.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнесмендердің саны 111 мыңға жетіп отыр. Ал халық арасында қосымшаны 4 миллионнан астам адам пайдаланады.

sn.kz
18 тамыз 2021 ж. 243 0