Қызылорда: Екіжақты меморандумға қол қойылды
![](/uploads/posts/2021-08/medium/1629969377_240395467_1185204015316135_805070495045239638_n.jpg)
Меморандумның мақсаты – аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру.
Бүгінде адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, заман талабына сай техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда.
Осы орайда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазіргі таңда түбегейлі реформалар енгізілуде. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы тиімді жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыстағы кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалдық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауды қолға алды.
Аталған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін қол қойылған екіжақты меморандум аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыстар бастау алады.
![](/uploads/posts/2021-08/medium/1629969410_240712647_1185204001982803_3222061989410376961_n-1.jpg)
kyzylorda-news.kz