Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Күздің бірінші күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдайды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдайды. Жолдауда Президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды", – деді Уәли.
Берік Уәли атап өткендей, мұндай Жолдаулар Президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.

stan.kz
30 тамыз 2021 ж. 598 0