Елімізде жаңа оқу жылы басталды

10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін жаңа оқу жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып штаттық форматта басталды. Мектепке дейінгі ұйымдар да түгелдей штаттық жұмыс режиміне оралды. Осы оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп шамамен 3,6 млн оқушыны, оның ішінде 380 мыңға жуық оқушыны бірінші сыныпқа қабылдайды.
kyzylorda-news.kz