Тоқаев Ауғанстандағы оқиғалар туралы: Біз кез келген қиын жағдайға дайын болуымыз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға қатысты кез келген қиын жағдайға дайын болу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы қазір жағдай тұрақты болмағандықтан, кез келген нәрсеге дайын болу керектігін мәлімдеді. Қиын жағдайлардың алдын алу үшін дайындық жұмыстары басталды.
“Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің жалпы өсуі біздің алдымызға әскери-өнеркәсіптік кешен мен әскери доктринаны қайта жүктеу міндетін қойып отыр. Қорғаныс қабілетін арттыру және қауіп-қатерге жедел әрекет ету ұлттық маңызы бар басымдықтарға айналуы тиіс. Біз кез келген қиын жағдайға дайын болуымыз керек. Қазіргі таңда сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу өзекті болып отыр. Біз стресс-тесттер өткізіп, сценарийлерді әзірлеуіміз керек, соның негізінде іс-шаралар жоспары әзірленеді және түзетіледі”, – дейді Тоқаев.