Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыртқы істер министрлігі бұл жанжалды Ауғанстан өзі шешу керек екенін айтты. 
”Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек. Қазақстан барлық қатысушы тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты шарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілетті үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқық нормаларын сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз”, – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. 

19 тамыз 2021 ж. 2 448 0