Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесіне арналған кездесу өтті

Қызылордада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесіне арналған кездесу өтті

Қызылорда қаласындағы №198 орта мектебінде «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» мәселесіне арналған офлайн кездесу болып өтті.   
Кездесу Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өңірде іске асырылуын көздейді.
Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының кеңесшісі Ержан Уайс, ҚХА мүшесі Анжела Садықбекова, қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлстан Бақтыбаева, бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Мкртумэн және Ж. Нұрманов атындағы №198 орта мектебі директорының ғылыми-методикалық ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Қоңырбаева қатысты.
Қатысушылар мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында сөз сөйлеп, баяндама жасады. Кездесу соңы сұрақ-жауап пен пікір алмасуға ұласты. Тіл мерекесі қарсаңындағы кездесу нәтижелі аяқталды.
Айта кететіні, 30-ға тарта түрлі этнос оқушылары білім алатын Ж. Нұрманов атындағы 198 орта мектебі білім алушыларының 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Мемлекеттік тілді ерекше құрметтейді. Облыстық, республикалық сайыстарда этнос оқушылары қазақ тілі бойынша топ жарып жүр. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дегендей олардың мемлекеттік тілді қолдану аясы кең.

kyzylorda-news.kz


06 қыркүйек 2021 ж. 418 0