Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада эпидемиологиялық ахуал қандай?

Қызылордада эпидемиологиялық ахуал қандай?

Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының барлығы 16 509 жағдайы тіркелген, оның 21% (3392 жағдай) 2020 жылғы есепке алынса, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегіне дейін 78,9% немесе 13 117 жағдайы тіркеліп отыр. Ауруға шалдыққандардың 70 % клиникалық белгілерімен және 30% симптомсыз түрі.
Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2% сырттан тасымалданған, 58,% скринингтік тексеру нәтижесінде және 40% қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар болды.
Коронавирус инфекциясы боййынша жалпы аурушаңдық көрсеткішінің 55,7% Қызылорда қаласының үлесінде болып, 100 мың халыққа шаққандағы орташа облыстық аурушаңдық көрсетіштен 1,4 есеге жоғары деңгейде орналасқан. Сонымен қатар аудандар кесімінде жоғары көрсеткіш Жаңақорған, Шиелі және Сырдария аудандарына сәйкес келуде.
Ауруға шалдыққандардың жас шамасы әр түрлі, соның ішінде 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында белсенділік байқалады.
Облыста тіркелген 13760 ошақтың 1864-нің инкубациялық мерзімдері аяқталмай, әліде бақылануда. 1864 ошақтың ішінде 226-сы ұйымдасқан ұжымда анықталып, 1939 науқас тіркелген.
Облыс бойынша коронавирусты инфекциясының аурушаңдық көрсеткішінің өршуі, яғни маусымдылығы жаз айларына сәйкес келіп, 2020 жылы тіркелген аурудың 76% мамыр айы (800) мен шілде (1775) айларының үлесінде болса, ал 2021 жылдың тамыз айының 20 жұлдызына тіркелген жалпы аурудың 67% шілде (3387) мен тамыз (4227) айларында анықталған.

kyzylorda-news.kz
07 қыркүйек 2021 ж. 318 0