Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұн қымбаттады

Қазақстанда ұн қымбаттады

Energyprom.kz сарапшылары алты айда елімізде дәнді дақылдардан 1,8 миллион тонна ұн мен ұсақ ұнтақталған қоспалар өндірілгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға аз екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтық жағдайда ұнның көп бөлігі дәстүрлі түрде Қостанай облысында (587,3 мың тонна, 7,8% артық) өндірілді. Алдыңғы қатарлы үш аймаққа Шымкент (189,1 мың тонна, 17,4% кем) пен Солтүстік Қазақстан облысы (176,1 мың тонна,  3% артық) кірді.
Өткен жылы секторда өнім 3,4 миллион тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% -ға көп.
Тамыз айында бірінші сұрыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы бір килограмм үшін - 183 теңгені, жоғары сұрып үшін 253 теңгені құрады.
Елдің ірі қалалары арасында бірінші сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы Ақтау (кг үшін 256 теңге), Нұр-Сұлтан (кг үшін 237 теңге) және Алматыда (кг үшін 236 теңге) тіркелді. Ең төменгісі Ақтөбеде (1 кг үшін 128 теңге).
Ал жоғары сұрыпты ұнның бағасы Нұр-Сұлтанда (кг үшін 327 теңге), Атырауда (кг үшін 326 теңге) және Алматыда (кг үшін 287 теңге), ең төмені баға Павлодарда (кг үшін 180 теңге) тіркелді.
Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті. Мұны Жамбыл (23,4%) және Солтүстік Қазақстан (21,3%) облыстарының тұрғындары, сондай-ақ алматылықтар (17,3%) қатты сезінді.

egemen.kz
16 қыркүйек 2021 ж. 415 0