Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде 10790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Сыр өңірінде 10790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Қызылорда өңірінде 2021 жылы 17954 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 22 475 жаңа жұмыс орын құрылды. Оның ішінде 10790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 26355 адам хабарласып, олардың 20247, яғни 76,8% жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, 8562(32.4 %).тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмысынан айырылуына байланысты 3693 адамға композиттік қызмет көрсетілген.
Ал, жұмыс іздеген мүгедектігі бар 707 азаматтың 692 жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 100адам жолданды. Оқудан өткен азаматтардың 16-сы өз ісін ашты, – делінген әкімдіңтің мәліметінде.
Сонымен қатар өңірде жыл басынан бері 49 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 432 жұмыс беруші 1451 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2153 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1209-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

baq.kz
18 қыркүйек 2021 ж. 312 0