Аралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Жәрмеңкеге пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын азаматтар шақырылып, 8 мекемеден 58 бос орындары ұсынылды.
Бос жұмыс орындары және бос лауазымдар жәрмеңкесін өткізу нәтижесі бойынша 1 азамат «Арал» сервистік дайындау орталығына, 2 азамат «Нұр» қонақ үйіне, 1 азамат жеке кәсіпкер А. Маханованың шаштаразына тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды.
Сондай-ақ, пробация қызметі есебінде тұратын «Бастау бизнес» жобасы аясында қысқа мерзімді оқу курсынан өткен Әбішев Асылхан мен Сахиев Нұрдаулетке 505 мың теңге гранттың сертификаты табысталды.