Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жастар жылында» Пробация қызметінің есебіндегілерге көптеген көмектер көрсетілуде

«Жастар жылында» Пробация қызметінің есебіндегілерге көптеген көмектер көрсетілуде

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын жастарға Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұсынуымен мемлекет және жеке кәсіпкерлер тарапынан қолдау көмектер көрсетілуде. Атап айтқанда есепте тұратын азаматтарды «Арал» Сервистік дайындау орталығына»  квота бойынша 3 адам әмбебап жұмысшы ретінде тұрғызылып, квота бойынша 1 адамды Секесеуіл кентіндегі «Құланды» ЖШС жұмысшы ретінде тұрақты жұмысқа тұрғызылса,  3 адам Ақтөбе қаласына вахталық әдіспен «Қорған ДС+» ЖШС тұрғызылды. Сондай-ақ  Ақтөбе ПМС «Теміржол жөндеу» ЖШС  1 адамды тұрақты жұмысқа орналастырылды. Еліміздегі жазатайым жаза басқан азаматтарды мүмкіндігі келгенінше қолтығынан демеп, қатарға қосу көмек беру қоғамға тарту баршамыздың міндетіміз және адамгершілік борышымыз болып табылады. Пробацияның түпкі мақсаты-жазаға тартылған адамның қателігін теріп,мінін бетіне басу емес, орын алған қылмыстың себеп салдарын зерттеп, мүмкіндігі болғанынша сотталушының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, психологиялық жағынан көмек беру. Сотталған азаматтарды рухани  жағынан жанғыртып, Аудандық балықшылар мұражайын аралатып, көрмелер көрсетілді. Пробация қызметінің есебіндегілер осылайша қоғам өміріне биімделіп келеді. Бүгінде олар жасаған қателіктерінен сабақ алып  түзеуде. Пробация қызметінің есебінде тұратын өзге де азаматтардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты азаматтардың біріне айналады деген берік сеніміміз бар  
Е.Жарасов,
Арал аудандық ПҚ
бөлімінің инспекторы
әділет аға лейтенанты
20 маусым 2019 ж. 1 010 0