Пробация қызметінің атқарған жұмысы
Арал аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар 70 адам есепте тұрады. Пробация қызметкерлерінің басты жұмыстағы мақсаты есептегі сотталғандардың алдағы уақытта қайталап қылмысқа жол бермеу және сонымен қатар әлеуметтік жағдайын көтермелеу мақсатында сотталғандарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік мамандықты игеруге ықпал ету болып табылады. Арал аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, Арал аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қатысуымен есептегі сотталғандардың жеке бағдарламаға сәйкес қандайда бір әлеуметтік көмек көрсетілгендігі жөнінде жедел мәжілісі өтіп, мәжілістің шешіміне сәйкес Аудандық пробация қызметі және жұмыспен қамту орталығының бірлесіп жасалған айлық акциясын өткізу жөнінде бірлесіп жоспар құрылып, жоспардың тармақтарына сәйкес, сотталғандарға жұмыс ұсыну мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыс берушілермен және кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылып, бір қатар сотталғандарға жолдама берілді. Осыдан кейін сотталғандардың рухани байлығын арттыру мақсатында Аудандық тарихи өлкетану мұражайының әкімшілігіне хат жолданып, олардың өз халқының, елінің тарихын еске түсіртіп, Республикасына деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатымен Арал аудандық музейлерге апарып, таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта республикалық «Шартты түрде» профилактикалық күшейтілген іс-шара өткізілуде. Бұған дейінде респубикалық 1рет, облыстық 2 рет, аудандық 2 рет күшейтілген іс-шаралар өткізілді. Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарды тұрғылықты үйлерінен пробация қызметі және АПБ-нің учаскелік полиция инспектор қызметкерлерімен бірлесіп тексеріп осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қайта қылмыстар орын алған жоқ.

Самал Насырова,
Арал аудандық Пробация
қызметі бөлімінің аға инспекторы
әділет капитаны