Қоғамнан оқшаулатпайық!

Қылмыстық жазаларды ізгілендірудің тиімді жолдарының бірі осы пробация қызметі десек, бүгінде бұл қызметтің тұғыры бекіп, жазалы жандардың жанашырына айналып үлгерді. Осындай жаңа бастаманың жетілуі үшін Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандарды, яғни бас бостандығын айырмай, қоғамнан оқшауламай сот үкімдерімен жеңіл жаза тағайындалғандарды қатыстыра отырып, олардың өз қолдарымен жасалған бұйымдарын көрсету мақсатында, Арал аудандық мәдениет үйінде «Қолөнер – ұлттық құндылық» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің қателескен жандардың өмірге қайта бейімделуіне ықпалы зор.
Көрме соңында қатысушылардың еңбегі бағаланып, ынталандыру мақсатында Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

С. Сейталиев,
Арал аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры