АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ

Жәрмеңкеге аудан бойынша алимент өндіру санатындағы борышкерлердің 32-сі шақыртылса, оның 7-уі ғана аталған шараға қатысуға ниет білдірді. Жәрмеңке аясында 4 мекеме 57 бос жұмыс орнын ұсынып, бір борышкер азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 3 азамат құжаттарын рәсімдеу үстінде, ал 3 борышкер ұсыныстан бас тартқаны жасырын емес. Осы тұста айта кету керек, алимент төлеуден қасақана жалтарушылар алдағы уақытта әкімшілік жазаға тартылатын болады.
Өйткені, бұл арада басты мақсат – кінәсіз балалардың болашағына немқұрайлық танытушыларға жауапкершілік жүгін түсіндіру болып отыр.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі