Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Зымыран әскерлері мен артиллерия күні

Бүгін – Зымыран әскерлері мен артиллерия күні

2000 жылы 4 қазанда Қорғаныс министрінің директивасымен Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшылығының басқармасы құрылған, деп жазады Egemen.kz.

Зымыран әскерлері мен артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді.

«Артиллерия мен зымыран бөлімшелері барлық жалпыәскери, оның ішінде халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығуларға үздіксіз қатысады. Әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар аясында өткен «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсында табысты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп келеді», деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған кадр офицерлерін Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, сонымен қатар Санкт-Петербургтағы Михайловск әскери артиллериялық академиясы даярлайды.
04 қазан 2021 ж. 465 0