Қызылорданың сабыны Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына тасымалданады
Кәсіпкер биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грантқа қатысып, 4,5 млн. теңге қаржылай қолдауға ие болды.
Ұтып алған гранттық қаржыға цехты кеңейту және «Ұнтақ өндірісі» жобасын жүзеге асырмақ.
«Қазіргі таңда ұнтақ өндіруге мүмкіндік беретін цех құрылысын жүргізудеміз. Алдағы уақытта «Таза ұнтақ» атауымен сатылымға шығармақпыз. Ал, бүгінде табиғи таза, сапасы жоғары сабын өнімдерінің өлшеміне қарай 5 түрін өндірудеміз. Цехта 20-дан астам адам еңбек етеді», – деді жас кәсіпкер.
Қазір шағын цех бір күнде орта есеппен 1500 дана сабын шығарады.
Қызылорда облысы тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп отырған өнімдер Астана, Ақтөбе өңірлеріне де тасымалданады.
kyzylorda-news.kz