Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕННІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК САҚТАЛҒАН ҚОЙМАСЫНДА БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕННІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК САҚТАЛҒАН ҚОЙМАСЫНДА БОЛДЫ

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес баға тұрақтылығының сақталуын қадағалау мақсатында жеке кәсіпкер С. Саяновтың әлеуметтік дүкенінің азық-түлік қоймасына барып, нысанды аралап сақталған өнімдерді көрді.
Жеке кәсіпкер әлеуметтік дүкен ретінде аудан әкімдігімен және «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰҚ-мен жасалған үшжақты келісім негізінде 19 түрлі азық-түлік өнімдерін халыққа базар бағамынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынып келеді. Қажетті азық-түлік қорын қоймада сақтап, тұрақты бағада тұрғындарға ұсынуда. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінде де төмен бағадағы өнімдерін тұтынушылар үшін сатылымға шығарып келеді.
Бүгінде қоймада 40 тонна ұн, 10 тонна картоп және жуа, күріш сынды негізгі халық тұтынатын өнімдердің қоры жеткілікті мөлшерде сақталған.
Аудан басшысы әлеуметтік дүкен иесіне халыққа ұсынылатын азық-түліктің қоры азайған уақыттан бастап қадағалап, орнын толтырып отыруды және сапасына баса назар аударып, нарық бағасынан төмен бағада сатылымға шығарылуын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта қойма алдынан әлеуметтік дүкен салуды жоспарлап отырған кәсіпкерге қажетті қолдау шаралары көрсетілетіндігін айтты.

11 қараша 2021 ж. 533 0