Төтенше жағдай: Жалған ақпарат таратқан қызылордалық анықталды

Төтенше жағдай кезінде 15 қаңтардағы мәліметке сәйкес облыс бойынша 240 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 47-не айыппұл салынды, 157-і әкімшілік қамаққа алынды. Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы) 84дерегі анықталып, сот шешімімен 2 құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппұл, 84 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының тұрғыны өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны анықталып,оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданып, сот шешімімен «ескерту» түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.
«Облыс тұрғандарына: «Жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетінін ескертеміз. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz